ҚР Президенті кубогын «Барыс» пен «Югра» сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті кубогын «Барыс» пен «Югра» сарапқа салады

ҚР Президенті кубогын «Барыс» пен «Югра» сарапқа салады

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнирдің финалдық ойындары өтеді. Бұл жолы Н.Назарбаевтың кубогын астаналық «Барыс» хоккей клубы мен ресейлік «Югра» (Ханты-Мансийск) командасы сарапқа салады.

  • 13 Тамыз 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, кеше «Барыстың» хоккейшілері «Витязь» (Подольск) командасын 4:2 есебімен ұтып, финалға шықты. Бұл — астаналық клубтың қатарынан үшінші жеңісі. Оның бүгінгі қарсыласы — «Югра» да бұған дейін «Барысқа» 4:5 (буллит) есебімен жол берген болатын. Алайда «Амур» командасымен өткен соңғы ойында олар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Соның арқасында финалға жолдама алды. Ал «Витязь» бен «Амур» үшінші орынға таласып көрмек.


Бүгінгі финалдық ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера