ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ БА мерейтойлық сессиясында бірқатар бастама көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ БА мерейтойлық сессиясында бірқатар бастама көтерді

ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ БА мерейтойлық сессиясында бірқатар бастама көтерді

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сессиясындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  сөйлеген сөздері ірі халықаралық БАҚ-дың назарын аудартты.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 1113
Фото - Caravan.kz

Назарбаев 2045 жылға дейінгі жаһандық даму жоспарын құруды ұсынды, деп хабарлады ТАСС өз материалында.

«Жаһандық стратегиялық бастаманың 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын.   Оның мәні — барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру», — деген ҚР Президентінің сөзін келтіреді агенттік.

ТАСС атап өткендей, Қазақстан көшбасшысы  БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыру керек деп санайды.    «Оның құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сайлаған мүше мемлекеттермен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің барлық басшылары, соның ішінде Халықаралық валюта қорының да басшылары ене алар еді. Кеңеске Жаһандық экономикалық реттеушінің міндеттері жүктелуге тиіс», — деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің сөздерін халықаралық БАҚ бірнеше бөлікке бөлді. Көтерілген бастамаларға назар аударылды, соның ішінде ұлттық әлемдік валютаның құрылуы мен терроризмге қарсы күрестің бірыңғай әлемдік жүйесін құру, БҰҰ ҚК санкциялары мен айрықша құзыреттері де бар.

«Терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып барады. БҰҰ қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынамын», — деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін келтірді РИА Новости.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын әзірлеп, қабылдау қажет деп есептейді  қазақстандық көшбасшы.

Trend Әзербайжан халықаралық агенттігі атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жалпы пікірсайысында  ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация қабылдау керектігін атап өтті.  Ол Алматыда өткен Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екі кезеңін,  сонымен қатар елде МАГАТЭ-нің Халықаралық аз байытылған уран банкін құру жайын еске салды.  

Сонымен қатар, РИА Новости ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы БҰҰ-ға мүше елдердің күш-жігерін біріктіруді ұсынғанын жазды.


Қазақстан басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының трибунасынан жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялылық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет екендігін атап өтті».

«ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы БҰҰ-ға мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет», — деді Н.Назарбаев.

Сөз соңында ҚР Президенті БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіруді ұсынды.  

INTERFAX.RU жазғандай, Н.Назарбаев  70 жыл бұрын Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орналастыруға шешім қабылданғанын еске салды. 

«Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының ролі артқандығына байланысты болған еді. Әлемді дамыту орталығы Кәрі құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің жаңа орны — АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нәрсе өзгерді, әлем өзгеше қалыптасты», — деді Қазақстан Президенті.

«21 ғасырда даму  даму орталығы әлемнің ең үлкен құрлығы — ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысуда. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытты. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынамын», — деп түйіндеді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар