ҚР президенті Олимпиада қалашығына барып, қазақстандық олимпиадашылармен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Олимпиада қалашығына барып, қазақстандық олимпиадашылармен кездесті

ҚР президенті Олимпиада қалашығына барып, қазақстандық олимпиадашылармен кездесті

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада қалашығына барып, онда қазақстандық олимпиадашылармен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 710
Фото - Caravan.kz

«Мен сіздерді жігерлендіру үшін, сіздерге өз қолдауымызды, барша Қазақстан халқының қолдауын сезіндіру үшін осында келіп отырмын. Сіздер Олимпиадада лайықты өнер көрсетеді деп сенемін. Жеңістер міндетті түрде болады», — деді Елбасы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан құрамасының мүшесі, боксшы Серік Сәпиев олимпиадашылар атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Олимпиаданың естелік медалін сыйға тартты. Мемлекет басшысы тарапынан көрсетілген айрықша назар спортшылардың үлкен тебіренісін тудырғаны байқалып тұрды. Көңілді жағдайда өткен бейресми сұхбат Елбасының споршылармен бірге суретке түсуімен аяқталды.

Содан кейін Қазақстан президенті Олимпиадалық бейбіт бітімнің нышаны болып табылатын «Бейбітшілік және достық» қабырғасындағы арнайы тақтаға қолтаңба қалдырды. Бұл тақтада қытай, ағылшын және француз тілдерінде мынадай сөздер жазылған: «Егер бейбітшілік 16 күн сақтала алатын болса, ол әрқашан өз жалғасын таба алады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар