Заң мәтініне сәйкес, жаңа заңның басты мақсаты туристердің мүліктік және басқа да мүдделерін қорғау болып табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы келісім-шартына қол қою және туриске сақтандыру полисін беру туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпорынның өз іс-қызметін жүзеге асыруда талап етілетін басты шарттардың бірі болмақ.
Бұл жағдайда туроператордың және турагенттің мүліктік мүддесі сақтандыру обьектісі болып табылады. Ол ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес, туроператордың және турагенттің туристік іс-қызметпен айналысу барысында турист мүддесіне қайшы келген залал-зардаптың орнын толтырып беру жөнінде жүктеп алған міндеттемесіне байланысты.
Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес, сақтандыру төлемінің мөлшері турпрератор үшін 4 мың және 10 мың, ал турагент үшін 2 мың және 5 мың айлық есептік көрсеткішке тең болуы тиіс. Ал сақтандыру сыйақысының көлемі шарт бойынша сақтандыру төлемінің 1-2 процентіне тең.