ҚР президенті "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға қол қойды

ҚР президенті "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға қол қойды

ҚР президенті "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 637
Фото - Caravan.kz

Заң мәтініне сәйкес, жаңа заңның басты мақсаты туристердің мүліктік және басқа да мүдделерін қорғау болып табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы келісім-шартына қол қою және туриске сақтандыру полисін беру туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпорынның өз іс-қызметін жүзеге асыруда талап етілетін басты шарттардың бірі болмақ.

Бұл жағдайда туроператордың және турагенттің мүліктік мүддесі сақтандыру обьектісі болып табылады. Ол ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес, туроператордың және турагенттің туристік іс-қызметпен айналысу барысында турист мүддесіне қайшы келген залал-зардаптың орнын толтырып беру жөнінде жүктеп алған міндеттемесіне байланысты.
Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес, сақтандыру төлемінің мөлшері турпрератор үшін 4 мың және 10 мың, ал турагент үшін 2 мың және 5 мың айлық есептік көрсеткішке тең болуы тиіс. Ал сақтандыру сыйақысының көлемі шарт бойынша сақтандыру төлемінің 1-2 процентіне тең.

Соңғы жаңалықтар