ҚР Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысуда

ҚР Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысуда

Душанбеде шағын құрамда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы ашылды.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

Оған ұйымға мүше  алты мемлекеттің басшылары — Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей президенттері қатысуда.

Сессия барысында оннан астам мәселелер қаралады деп күтілуде. Талқылауға түсетін негізгі тақырыптардың бірі қауіпсіздік және әскери-саяси сын-қатерлерге тиімді ден қою саласындағы ынтымақтастық болмақ. Бұдан басқа, ҰҚШҰ қызметінің ағымдағы мәселелері, Арменияның ұйымға төрағалық етуі кезеңіндегі басым бағыттар қарастырылады, сондай-ақ ұйымның бюджеті қабылданып, басқа да өзекті жайттар қозғалады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік туралы  шартқа  1992 жылы қол қойылған болатын. 10 жылдан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бекітілді. ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан (Өзбекстанның ұйымға мүшелігі 2012 жылы тоқтатылды) кіреді.


ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаты — бейбітшілікті нығайту, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық, тәуелсіздікті қорғау, территориялық тұтастықты және мүше-елдер суверенитетін сақтау.

Соңғы жаңалықтар