ҚР Президенті жайында екі жаңа кітап жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жайында екі жаңа кітап жарық көрді

ҚР Президенті жайында екі жаңа кітап жарық көрді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы екі жаңа кітап жарық көрді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 744
Фото - Caravan.kz

Оның авторы Роза Ақболатова.

Автордың айтуынша, кітаптардың шығуы Елбасының туған күні мен Астана күніне орайластырылып отыр. «Елбасы — Нұрсұлтан» кітабы эссе жанрында жазылған және онда автордың Қазақстандағы танымал адамдармен кездесу фотосуреттері орыналасқан.

Сондай-ақ «Елбасы — Нұрсұлтан» атты екінші кітап қазіргі заман желісіндегі балалар ертегісі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған бұл кітапты суретші Светлана Макаренко балаларға қызықты етіп безендірген. Түрлі суреттерге толы бұл кітап мектеп жасына дейінгі балаларға лайықталған. Кітапта Елбасының басқаруымен елімізде соңғы кезде өткен айтулы халықаралық іс-шаралар жайында айтылады. «Балаларға арнап саяси оқиғалар жайында жазу өте қиын. Дегенімен өте үлкен маңызға ие мұндай шараларды балалардың өз тілімен жеткізу керек. Суретшімен бірге біз еңселі жұмысты атқардық. Суреттің ашық, түрлі-түсті әрі түсінікті болуын қамтамасыз еттік», -дейді кітап авторы.

Соңғы жаңалықтар