Жарияланды: 420

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі тағайындалды

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі лауазымына Алтай Әбибуллаев тағайындалды.

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің ресми өкілі қазақстандық және шетелдік БАҚ үшін тұрақты брифингтер өткізіп тұрады. Брифингтердің өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. ҚР жанындағы ОКҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, А. Әбибуллаев 1974 жылы дүниеге келген, Варшава университетінің журналистика және саясаттану факультетінің халықаралық қатынастар магистрі. Сыртқы саясат жүйесінде 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді, Польша және Австиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі болып жұмыс жасады, сондай-ақ Венада халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде еңбек етті. Осы қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі - Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін