ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен аграрлық секторды қолдауға бөлінген қаражат мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен аграрлық секторды қолдауға бөлінген қаражат мәселелерін талқылады

ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы мен аграрлық секторды қолдауға бөлінген қаражат мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Отырыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға және экономиканың аграрлық секторын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға байланысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

— «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз сыбайлас жемқорлық — тек құқық бұзушылық емес екендігін ерекше атап өтті. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірден күшейту қажет. Мемлекет басшысының бұл стратегиялық ұстанымы бұлжытпай орындауды талап етеді. Біз қаржылық тәртіптің қатаң сақталуына және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануына қатал сұраныстың болуына қол жеткізуіміз қажет, — деді, отырысты аша отырып, М. Құл-Мұхаммед.

Отырыста соңғы үш жыл ішінде ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындауға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бюджеттен төрт триллион теңге бөлінгені атап өтілді. Алайда оны тиімді игеруге әрдайым қол жетіп отырған жоқ. Сондай-ақ жобалардың үстіртін әзірленуіне байланысты маңызды нысандардың жоспарланған өндірістік қуатының дер кезіңде берілмеуі, сапалы сараптаманың болмауы, нарық сұранысына бара-бар бағалаудың жоқтығы, моральдық жағынан ескірген жабдықты пайдалану, нысандардың нақты іске қосылуын формальды есептерге ауыстыру орын алғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру елеулі алаңдатушылық тудырады. Жекелеген нысандар ресми түрде қолданысқа енгізілгеннен кейін де жұмыс істемейді.

Мамандардың бағалауы бойынша, ауыл шаруашылығы тиімділігі аз күйінде қалуда. Бұл сала ішкі қажеттілікті толық көлемінде қанағаттандырмайды, ал оның жекелеген салалары бәсекелестікке қабілетті емес.

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салаларының іс жүзіндегі жағдайын Мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлік бөлімшелерінің асыра бағалауы жағдайды қиындата түседі.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу, рұқсаттама құжаттарын беру, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілеріне субсидияларды бөлу, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жүргізу кезінде заңнаманы бұзушылыққа жол беріледі.

Отырыста Премьер-Министрдің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың және басқалардың есептері тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді.