ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің VIII отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің VIII отырысы өтті

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің VIII отырысы өтті

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің VIII кеңейтілген отырысы өтті,

  • 22 Маусым 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Оттырыс жұмысына Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, елдегі жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Отырыста мемлекеттік жастарды қолдау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы жастар рөлін арттыру жолдары қаралды.

«Сіздердің алдарыңызда Елбасының Қазақстанды әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілеті елдер қатарына шығару, халқымыздың өмір сүру жағдайын жақсартып, гүлдендіру, елдің халықаралық беделін арттыру жөніндегі бастамаларын одан әрі жүзеге асыру міндеті тұр. Міне, сондықтан да тәуелсіздік жылдары бойы жастарды жан-жақты қолдау, егеменді Қазақстанның патриоттарын тәрбиелеу ісі Н.Назарбаевтың басты бағыттарының бірі болды», — деді отырысқа қатысушылар алдында сөз алған Мемлекеттік хатшы.

Мемлекеттік органдарда, ғылым мен бизнесте жұмыс істеп жүрген көшбасшы жастар өз кезегінде тәуелсіздік жылдарында Елбасының жастар үшін жасаған аса үлкен мүмкіндіктерін зор алғыспен атап өтті.

Жастар ел алдындағы өз жауапкершіліктеріне тоқталып, Қазақстанның болашақтағы дамуына жақсы білім және еңбек арқылы зор үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бүгінгі VIII кеңейтілген отырысында қатысушылардың қабылдаған үндеуінде осындай ұсыныс айтылды.

Соңғы жаңалықтар