ҚР Президенті жеңіл атлет Ольга Рыпакованы Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жеңіл атлет Ольга Рыпакованы Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады

ҚР Президенті жеңіл атлет Ольга Рыпакованы Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға жеделхат жолдап, оны Лондондағы Олимпиялық ойындарда алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады,

  • 6 Тамыз 2012
  • 482
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі.

— ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың жеңіл атлетика сынындағы жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын.

Қазақстандықтар сен жарысқа шыққан кезде ерекше толғаныста болды. Сен олардың үміті мен сенімін толықтай ақтап, біздің атлеттеріміз әлемнің күшті спортшыларының қатарына енгенін тағы да дәлелдедің.

Сенің жеңісің еліміздің көптеген жас спортшылары үшін үлгі-өнегеге айналатынына және мыңдаған балалар мен жасөспірімдердің жеңіл атлетикамен шұғылдануына ықпал ететініне сенемін.

Саған алдағы уақытта да табыстар және жаңа спорттық биіктерді бағындыра беруіңді тілеймін, — делінген құттықтау жеделхатында.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера