«Бұл дүбірлі додада ел намысын 27 балуан қорғайды. Ұлттық құрамаға 90 киләда — 3, ал өзге салмақ дәрежелерінде — 4 спортшыдан еніп отыр. Бұл жарыста біздің басты қарсыласымыз — Өзбекстан болуы мүмкін. Құрама өте күшті. Әрбір салмақтағы балуандары бұрыннан күресіп жүрген тәжірибесі мол спортшылар», дейді Қазақстан ұлттық құраасының бас бапкері Ербол Қырғызбаев. Оның айтуынша, құрамында 5 Олимпида ойындары мен Әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпиондары бар Кореяны да еренкше атап өтуге болады. Сол сияқты Моңғолия, Тәжікстан және әр салмақта 2-3 адамнан алып келген Ресей құрамасын да басты қарсыластар қатарынан шығаруға болмайды. Сондықтан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін Әлем кубогы аса жоғары деңгейде өтеді деуге сенім өте мол. Бұл 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирлеріне кіретін Қазақстандағы жалғыз жарыс болып отыр.