ҚР президентінің әкімшілігі "Ассанди-Таймс" газетінің жалған санын шығаруға әкімшіліктің қатысы бар деген айыпты жоққа шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президентінің әкімшілігі "Ассанди-Таймс" газетінің жалған санын шығаруға әкімшіліктің қатысы бар деген айыпты жоққа шығарады

ҚР президентінің әкімшілігі "Ассанди-Таймс" газетінің жалған санын шығаруға әкімшіліктің қатысы бар деген айыпты жоққа шығарады

ҚР президентінің әкімшілігі "Ассанди-Таймс" газетінің жалған санын шығаруға әкімшіліктің қатысы бар деген айыпты жоққа шығарады. Бұл туралы аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2004
  • 414
Фото - Caravan.kz

Кеше, 2-маусымда интернеттегі «Навигатор» басылымында «Ассанди-Таймс» газетінің кезектен тыс жалған номері сатылғаны туралы газет редакциясының ресми мәлімдемесі жарияланды. Бұл мәлімдемеде, «басылымның жалған санының шығуы президент әкімшілігінің немесе оған жақтас құрылымдардың оқырмандар алдында газеттің беделін түсіруге жасаған кезекті әрекеті» деп атап көрсетілген.

«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды әрі ҚР президенті әкімшілігінің атақ-абыройына нұқсан келтіреді»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Осыған байланысты ҚР президентінің әкімшілігі «Ассанди-Таймс» газеті мен интернеттегі «Навигатор» басылымының редакцияларына ақиқаттан ауылы алыс өтірік мәліметтерді жоққа шығару және осыған байланысты ғапу өтіну туралы талап жолдады. Әкімшілік аталмыш оқиғаға орай моральдық шығынның орнын толтыру жөнінде сотқа шағым беру құқығын сақтап қалады»,- делінген хабарламада.