ҚР президентінің әкімшілігін Әділбек Жақсыбеков басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президентінің әкімшілігін Әділбек Жақсыбеков басқаратын болды

ҚР президентінің әкімшілігін Әділбек Жақсыбеков басқаратын болды

ҚР президенті әкімшілігінің төрағасы болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

Ә.Жақсыбеков 1954-жылы Қостанай облысында туған. 1977-жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, кейін Мәскеудегі Г.Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтының өнеркәсіпті жоспарлау факультетін бітірді, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

1996-жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында ҚР парламенті сенатының депутаты, палатаның заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің мүшесі болды. 1996-жылдың қазан айы мен 1997-жылдың желтоқсан айлары аралығында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде кәсіпорындарды реформалау және үкіметті Ақмола қаласына көшіру мәселелерін жауаптанды. 1997-жылдың желтоқсан айынан бері Ақмола (1998-жылдың 6-мамырынан Астана) қаласының әкімі болды. 2003-жылдың маусым айынан бері ҚР индустрия және сауда министрінің орынтағында отырды.

Перейти к новостям спорта