Жарияланды: 560

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздары

Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының қорытындылары шығарылды.

Биыл ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқауға 169 компания қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен. Мемлекет басшысының бастамасымен осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан сапа саласындағы байқаулар биыл Қазақстанның әлемдік деңгейде мойындалуы жағдайында өтуде - еліміз Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Осыған орай сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл Қазақстанның зор табысы. ЭКСПО көрмесі - бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға. Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын - АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр» деп атап өтті. Сапа саласында байқаулар өткізу қазақстандық кәсіпорындарда сапа менеджментін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде 5157 кәсіпорын ИСО халықаралық стандартының сапа менеджменті жүйесін енгізді. 168 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізу кезеңінде. Жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, ИСО халықаралық стандартының 9000 сериясын - 4629 кәсіпорын, ИСО 14001 жүйесін - 298 кәсіпорын, OHSAS 18001 жүйесін - 311 кәсіпорын, ИСО 22000 жүйесін - 68 кәсіпорын және SA 8000 жүйесін - 3 кәсіпорын енгізген. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына «Өндістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік саласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (ОҚО) сұйық диэлектрикті трансформаторлар өндірісі үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласында және ««TREI Қарағанды» ЖШС (Қарағанды облысы) өлшеу-есептеу қондырғылары өндірісі үшін ие болды. «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік саласында «Эл Джи Электроникс Алматы Қазақстан» АҚ (Алматы) тұрмыстық техника өндірісі үшін және шағын және орта кәсіпкерлік саласында «Milk Project» ЖШС (Ақмола облысы) сүт өнімдері өндірісі (айран сүзбе, қаймақ, ірімшік) үшін ие болды. «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында ҚР БҒМ-ның «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» (Астана қаласы) ірі кәсіпкерлік саласында білім қызметі және ғылыми-зерттеу қызметі үшін және «Қазақ геологиялық-барлау ғылыми-зерттеу мұнай институты» ЖШС (Атырау облысы) шағын және орта кәсіпкерлік саласында ғылыми зерттеулері және инженерлік-сервистік жұмыстары үшін ие болды. Мемлекет басшысының «Алтын сапа» арнайы сыйлығы «Индустриялық серпін» санатында 2012 жылы индустрияландыру көшбасшысы «Қазақ темір жолы» ҰК» АҚ-ға, «Инновациялық серпін» санатында 21012 жылғы инновация көшбасшысы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ға берілді. «Қазақстанның үздік тауары» респуликалық конкурс-көрмесіне 135 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Көрме қорытындысымен конкурстық комиссия үш аталым бойынша: «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халық үшін үздік тауарлар» және «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» санаттарында жеңімпаздарды бекітті. Әрбір аталымда І, ІІ және ІІІ дәрежелі үш дипломант таңдалды. Қатысушылар «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмелерінің жеңімпаздары, олар ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Астана және Алматы қалаларында, облыстар мен қалаларда өткен болатын. 2012 жылғы «Қазақстаннң үздік тауары» көрме-конкурсының дипломанттары: Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар аталымында: І дәрежелі диплом: «ҚазАзот» ЖШС (Маңғыстау облысы) - аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы; ІІ дәрежелі диплом: «Қазфосфат» ЖШС (Жамбыл облысы) - сары фосфор, доломит және әк өндірісі; ІІІ дәрежелі диплом: «Келет» АҚ (Алматы қаласы) - сорғы, желдеткіш, электр двигательдері және жылту жабдықтары өндірісі. Халық үшін үздік тауарлар аталымында: І дәрежелі диплом: «АЗИЯ АВТО» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) - Skoda, Chevrolet, KIA, Lada маркалы автомобильдер өндірісі; ІІ дәрежелі диплом: «Алтын Орда» ЖШС (Астана қ.) - ұлттық интерьер, қыз жасауы, панно, шымылдық т.б.; ІІІ дәрежелі диплом: «Энерджи Тараз» ЖШС (Жамбыл облысы) - жарықдиодты шамдал, шамдар өндірісі; 2012 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің дипломанттары «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында: І дәрежелі диплом: «Ордабасы құс» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы) - түйетауық етінөндіріу және өңдеу, шұжық өнмдері; ІІ дәрежелі диплом: «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ (Батыс Қазақстан облысы) - ұн, макаран өнімдері өндірісі; ІІІ дәрежелі диплом: «Абзал және Компания» (Қызылорда облысы) - күріш және күріш жармасы өндірісі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін