Комиссия құрамына ҚР үкімет басшысының орынбасары Бірғаным Әйтімова, қаржы министрі Арман Дунаев, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары — экономикалық саясат басқармасының бастығы Ербол Орынбаевтар енді. Б.Әйтімоваға республикалық бюджеттік комиссия төрағасының орынбасары міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысының бұйрығымен Ерболат Досаев, Ораз Жандосов пен Ержан Өтембаев комиссия құрамынан шығарылды.
Бұрынғыдай комиссия құрамында қалатын президенттің көмекшісі Григорий Марченко республикалық бюджеттік комиссия төрағасының орынбасарлығы міндетінен босатылды.