ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілді

ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілді

Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілді.

  • 27 Тамыз 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 тамыз.  №73.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

 Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасында белгіленген жаңа басымдықтарды ескере отырып, қолданыстағы Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын жаңартып, өзектендіруге бағытталған. Атап айтқанда, Болжамды схеманың құрылымы мен форматы қайта қарастырылған, өңірлерді жіктеудің экономикалық мамандану, қоныстандыру жүйесі, нарықтық байланыстар сипатының өлшемдеріне негізделген жаңа тәсілі айқындалған. Өзгерістерге сәйкес Болжамды схема — бұл өңірлік дамуының жалпы пайымын көрсететін 2020 жылға дейінгі тұжырымдамалық құжат. Болжамды схема мемлекеттік басқару жүйесінің сатылас бағыныңқы құжаттары арқылы іске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

Ақпарат көзі: egemen.kz

Соңғы жаңалықтар