«ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды

«ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына қол қойды.

  • 20 Қараша 2012
  • 715
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №435

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен то­лықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2013 жылғы 1 наурызға дейін мемлекеттік органдарда ішкі аудит қызметін құру мен оның жұмысын реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 16 қараша №435

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы
16 қарашадағы № 435 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ере­жесінде:
бірінші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы органда, еңбек қаты­настарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметшілерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы ор­ганның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда — орталық атқарушы органның басшысы шешеді.».
2. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту тура­лы» Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1, 1-құжат; 2001 ж., № 18, 222-құжат; 2003 ж., № 15, 149-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерінде:
5-2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәр­тіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауа­зым­ды тұлға аумақтық органдар басшы­ла­рының және басшылары орынбасарларының аттестациядан өту мәселелерін шешеді.».
3. «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат; 2001 ж., № 18, 222-құжат; 2003 ж., № 15, 149-құжат; 2004 ж., № 14, 172-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жа­зыл­сын:
«7-1. Мемлекеттік органның қызмет­кер­ле­рін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды қызметтік өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды тұлға жүзеге асы­рады.
Орталық атқарушы органда, еңбек қаты­нас­тарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қос­па­ғанда, орталық атқарушы орган қыз­мет­кер­лерін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының заң­на­масына сәйкес орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіп­пен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауа­зым­ды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауа­зымды тұлға болмаған жағдайда — орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәр­тіп­пен орталық атқарушы органның жауапты хат­шысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға орталық атқарушы органның басшы­сының келісімі бойынша орталық атқарушы орган басшысы немесе оның орынбасарлары қадағалайтын орталық атқарушы органның департаменттері директорларын және дербес бас­­қармалары бастықтарын қызметке та­ғайын­дайды және қызметтен босатады.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орта­лық атқарушы органның жауапты хатшы­сы­ның өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзы­ре­тіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы орган басшысының келісімі бойынша аумақтық органдары мен бөлім­ше­лер­дің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Орталық атқарушы органның жауапты хат­шысы немесе белгіленген тәртіппен ор­талық атқарушы органның жауапты хатшы­сы­ның өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзы­ре­ті­не жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аумақтық органдар мен бөлімшелер басшы­ла­ры­ның орынбасарларын қызметке тағайын­дайды және қызметтен босатады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметкерлерінің еңбек қатынастары мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар шешеді.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен ор­та­лық атқарушы органның жауапты хатшы­сы­ның өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға тағайындау үшін ведомстволар басшылары ұсынған ведомстволар басшыларының орын­басарларын тағайындайды.».
4. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйе­сін­дегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi ту­ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; 2011 ж., № 41, 518-құжат; 2011 ж., № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; 2012 ж., № 54, 717-құжат; 2012 ж., № 58, 793-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазым­дары­ның және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сай­ланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары»
деген жол мынадай редакцияда жазыл­сын: Әділет министрі Сот актілерін орындау коми­тетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы»;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары»
жауапты хатшы Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жа­зыл­сын:
«министрліктер ведомстволары және ор­та­лық мемлекеттік органдар аумақтық бө­лім­ше­лерінің басшылары жөнінде (жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарды қоспағанда) — тиісті орталық мемлекеттік ор­ган­дардың басшылары;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жа­зыл­сын:
«орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар жөнінде — тиісті орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары;».
5. «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 285-құжат; 2010 ж., № 36, 289-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапты хатшы:
1) Республика Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Республика Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Рес­публикасы Президенті қызметке тағайын­дай­тын және қызметтен босататын, ерекше мәр­те­беге ие мемлекеттік қызметші болып табы­лады;
2) лауазымы бойынша:
Республика Президентіне, Республика Пре­мьер-Министріне және тиісті орталық атқарушы органның басшысына есеп беретін;
оның қызметіне бақылауды Республика Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Республика Президентінің Әкімшілігі, Республика Премьер-Министрі, сондай-ақ тиісті орталық атқарушы органның басшысы өз құ­зыреті шегінде жүзеге асыратын тұлға болып табылады;
3) Республика Президенті Әкімшілігінің алдында өз қызметінің қорытындылары тура­лы, соның ішінде «Орталық мемлекеттік ор­ган­дар мен облыстардың, республикалық маңы­зы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жү­зеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сай­ын­ғы бағалау қорытындылары бойынша жылына екі рет есеп береді»;
4) Үкімет, орталық атқарушы органның басшысы орнынан түскен жағдайда өзінің өкілеттіліктерін тоқтатпайды деп белгіленсін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жауапты хатшы лауазымына канди­дату­раларды қарау рәсімі жұмыс істеп жүрген жауапты хатшының өкілеттіктерінің мерзімі аяқталған сәтке дейін кемінде бір ай бұрын жүзеге асырылады.
2-2. Жауапты хатшы өкілеттіктерінің мерзімі — оның өкілеттіктерін Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсы­нуы және Республика Премьер-Министрінің келісімі бойынша бір реттен артық емес ұзарту мүмкіндігімен ол тағайындалған күннен бастап 4 жыл.
2-3. Жауапты хатшы мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда ат­қа­ратын қызметінен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген жауапты хатшының өкілеттігі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қа­ла­ның, астананың жергілікті атқарушы орган­да­ры қызметінің тиімділігін жыл сайынғы баға­лау жүйесі туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен об­лыс­тар­дың, республикалық маңызы бар қаланың, аста­наның жергілікті атқарушы органдары қыз­ме­ті­нің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйе­сінде:
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен то­лық­тырылсын:
«62-1. Бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттік орган қыз­меті­нің тиімділік көрсеткіштері төмендеген, сон­дай-ақ қызметтің жетекшілік етілетін сала­сын­дағы ахуал нашарлаған жағдайда Сараптама ко­мис­сиясы бағаланып отырған орталық ат­қа­ру­шы органның тиісті мемлекеттік саяси қыз­метшісін, жауапты хатшысын жауапкершілікке тарту ту­ралы мәселеге бастамашылық етеді.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Тиімділігін бағалауға жатқызылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына тиімділікке бағалау жүргізу үшін есепті кезең ішіндегі ақпараттың дәйектілігі, толықтығы және уақ­ты­лы берілуі үшін жеке жауапкершілік жүкте­леді.».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 435 Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 372 Жарлығымен бекітілген

Жауапты хатшының
ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

1. Жауапты хатшы:
1) мемлекеттік басқарудың тиісті са­ла­лар­ындағы (аясындағы) саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік орган­ның бірінші басшысының актілері мен тапсыр­маларын орындайды;
3) орталық атқарушы органның аппара­ты­на басшылықты жүзеге асырады: оның бө­лім­шелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлес­ті­реді және бақылайды;
4) орталық атқарушы органның, оның ве­домстволарының, сондай-ақ аумақтық орган­дары мен бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-тех­никалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) орталық атқарушы органның басшы­сымен келіскеннен кейін мемлекеттік органның, ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлімшелерінің Республика Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік органды қайта құрған, оның функциялары өзгерген және тиісті нормативтік құқықтық акті қабылданған жағдайда органның, ведомство­ла­ры­ның, аумақтық органдары мен бөлімше­лері­нің құрылымы мен штат санына өзгерістер енгізеді;
6) орталық атқарушы органның басшы­сы­мен келісім бойынша органның құрылымдық бөлімшелері және орталық атқарушы органның басшысы немесе оның орынбасары қада­ғалай­тын ведомстволары туралы ережелерді бекітеді;
7) орталық атқарушы органның өзі қада­ғалайтын құрылымдық бөлімшелері, аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) орталық атқарушы органның қызметін кадрлық, қаржылық, заңдық, әкімшілік, құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелердің қызметін қада­ға­лайды;
9) орталық атқарушы органның тәртіптік, аттестациялау және конкурстық комис­сия­ла­ры­ның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, олардың құрамын қалыптастырады және өзі қадағалайтын құрылымдық бөлім­ше­лердің басшылары арасынан төрағаларды анық­тайды;
10) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақ­талуын бақылайды;
11) атқарушы органның мемлекеттік сатып алу саласына жалпы басшылықты жүзеге асы­рады:
мемлекеттік сатып алудың жылдық жос­парын бекітеді;
конкурстық комиссияның құрамын бекітеді;
конкурстық құжаттаманы бекітеді;
төлеу есеп шоттарына қол қояды;
12) атқарушы органның қызметін мате­риал­дық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйым­дастырады және сол үшін жауап береді, соның ішінде:
техникалық тапсырманы бекітеді;
конкурстық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, өтінімдерді қарайды, өткі­зіл­ген мемлекеттік сатып алулардың қоры­тын­дылары туралы ашу, рұқсат ету хаттамаларына қол қояды не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бұл өкі­леттіктерді орталық атқарушы органның өз­ге лауазымды адамдарына жүктейді;
конкурс жеңімпаздарымен мемлекеттік са­тып алу шартын жасайды;
13) орталық атқарушы органның басшы­сымен келісім бойынша орталық атқарушы орган басшысы немесе оның орынбасарлары қадағалайтын орталық атқарушы орган департаменттері директорларын және дербес бас­қармалары бастықтарын қызметке тағай­ын­дайды және қызметтен босатады;
14) заңнамалық актілерде көзделген жағ­дай­ларда ведомстволар басшылары тағай­ын­дау үшін ұсынған ведомстволар басшылары­ның орынбасарларын орталық мемлекеттік орган басшысының тағайындауына келіседі;
15) еңбек қатынастары мәселесі заңна­ма­лық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құ­зы­ретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспа­ғанда, ведомстволар басшылары тағайындау үшін ұсынған ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындайды;
16) еңбек қатынастары мәселесі заңна­ма­лық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құ­зыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспа­ғанда, аумақтық органдар мен бөлімшелердің басшыларын орталық атқарушы орган бас­шы­сымен келісе отырып, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
17) еңбек қатынастары мәселесі заңна­ма­лық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құ­зыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспа­ғанда, аумақтық органдар мен бөлімшелердің басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
18) осы өкілеттіктердің 13) тармақ­шасын­да көрсетілген лауазымды адамдарды, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселесі заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, ор­та­лық атқару органның қызметкерлерін қыз­метке тағайындайды және қызметтен боса­тады;
19) орталық атқарушы органның қызмет­кер­лерін, ведомство басшылары мен олардың орынбасарларын, сонымен бірге аумақтық органдардың басшыларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
20) еңбек қатынастары мәселесі заңна­ма­лық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құ­зы­ретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспа­ған­да, орталық атқарушы орган қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
21) орталық атқарушы органның страте­гия­лық жоспарын іске асыру жөніндегі жұ­мысты ұйымдастырады;
22) құрылымдық бөлімшелердің ұсыныс­тары негізінде әзірленген операциялық жос­парды, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органның перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
23) орталық атқарушы органның бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қа­рауына енгізетін орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет про­це­сінің өзге де рәсімдерін орындауды қамта­масыз етеді;
24) органның қаржыландыру жоспар­ла­рын және мемлекеттік органның қаржылық есептілігін әзірлеп, бекітуді қамтамасыз етеді;
25) мемлекеттік қызмет көрсету регла­мент­тері мен стандарттарын әзірлеуді ұйым­дас­тырады;
26) орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ бағынысты ұйым­дарының мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы­на мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді;
27) тиісті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
28) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста мемлекеттік органның атынан өкі­лет­тік етеді;
29) өз құзыреті шегінде сыбайлас жем­қор­лықпен күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
30) Қазақстан Республикасының заң­да­рын­да және Республика Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қыз­меттік міндеттерді орындау үшін:
1) орталық аппараттың, мемлекеттік ор­ган­ның ведомстволары мен аумақтық бөлім­ше­ле­рінің қызметкерлеріне орындалуы міндетті тап­сырмаларды беруге;
2) өзге мемлекеттік органдар мен лауа­зым­ды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұ­ратуға және алуға;
3) дербес қолданылатын құқықтық акті­лер­ді қабылдауға құқығы бар.
3. Жауапты хатшы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, ауруы және басқа да негіздер) оның өкілеттіктері өзіне бағынысты департаменттерінің бірінің ди­рек­торына жүктеледі.
4. Жауапты хатшыға орталық атқарушы органның бірінші басшысының міндеттерін, сондай-ақ жауапты хатшының міндеттерін ор­талық атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарына жүктеуге жол берілмейді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына
ТҮСІНІКТЕМЕ

«Қазақстан Республикасы Президентінің кей­бір жарлықтарына өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қарашада қабылданған Мемлекет басшысының Жарлығы мемлекеттік органдар аппараттарының жұмы­сын тұрақты және тиімді етуді, жауапты хат­шы­лар институтын нығайту арқылы меритократия принципі негізінде мемлекеттік қыз­метшілердің кәсібилігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы Жарлықты қабылдау кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы басымдығы шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мем­лекеттік қызметтің жаңа моделі тұжы­рым­дамасын іске асырудың іс жүзіндегі қадамы болып табылады.
Жарлық жауапты хатшы мен мемлекеттік орган басшысының өкілеттігін нақты межелейді. Аппараттың қызметі мен кәсіби жұмысын ұйымдастыру жауапты хатшының негізгі міндеті болады. Ол үшін оған қажетті өкілеттілік беріледі.
Осылайша, жауапты хатшы кадр, қаржы, заңгерлік, әкімшілік, құжаттамалық, ақпа­рат­тық қамтамасыз ету саласындағы құрылымдық бөлімшелер қызметіне, сондай-ақ орталық ат­қарушы органда мемлекеттік тілді дамыту жө­ніндегі бірыңғай саясаттың іске асырылуына жетекшілік етеді.
Мемлекеттік сатып алу саласында жауапты хатшының өкілеттіктері (мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, конкурстық ко­мис­сияның құрамын және конкурстық құжат­та­ма­ны бекіту) сатып алуды ұйымдастыру мәсе­ле­леріне қатысты болады. Жауапты хатшының өзі жүргізетін мемлекеттік сатып алу тиісті атқарушы органның қызметін материалдық-тех­никалық қамтамасыз ету бойынша ғана жү­зеге асырылады.
Жарлыққа сәйкес жауапты хатшыға мемлекеттік орган басшысының міндетін, сондай-ақ жауапты хатшының міндеттерін мемлекеттік органның басшысына және оның орынба­сар­ларына жүктеуге жол берілмейді. Жауапты хат­шыға сәйкес келмейтін функциялар мен тап­сырмалар беру мүмкіндігі болдырылмайды.
Жауапты хатшы уақытша болмаған кезеңде (демалыстар, іссапарлар, сырқаттану және т.б.) тиісті бұйрықпен оның өкілеттігі өзіне қарасты департамент басшысына жүктеледі.
2030 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру шеңберінде орталық атқарушы органның кә­сі­би кадр құрамын қалыптастыру жауапты хат­шы­ның шешуші міндеті болып табылады. Осы­ған орай, Жарлыққа сәйкес кадр жұмысы, қыз­меткерлерді лауазымға тағайындау және босату толығымен жауапты хатшыға жүктелетін бо­ла­ды. Бұған лауазымға тағайындау және босату өкілеттігі заңдарға сәйкес мемлекеттік орган басшысына немесе басқа лауазымды тұлғаға бекітілген жағдайлар қосылмайды. Мысалы, «Әді­лет органдары туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына сәйкес Әділет министрі ведомство басшылары мен олардың орын­басар­ларын лауазымға тағайындайды және босатады.
Жауапты хатшы аппарат жұмысына, ат­қа­ру­шылық және еңбек тәртібін қоса алғанда, еңбек жағдайларын ұйымдастыруға, іссапар­лар­ға, демалыстарға жіберуге, аттестация өткі­зуге, біліктілікті арттыруға, тілдерді дамытуға, ынталандыру пакетін және іс жүзіндегі кадр резервін қалыптастыруға, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге, жеке және заңды тұлға­лар­дың арыздарын қарауға, электрондық құжат ай­налымын енгізуге, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын уақтылы орын­дауға, тәртіптік жауапкершілікке тартуға және т.б. жеке жауап беретін болады
Осы межелеу аппараттың тұрақтылығын арттыруға және ынталандыруға, кадрлық шешімдерді уақтылы қабылдауға жағдай ту­ғы­затын болады. Жауапты хатшыға мемлекеттік органның аппаратын жедел басқаруды жүктеу арқылы бірінші басшылардың қызметі салалық саясат пен заңнаманы қалыптастыруға және тиімді іске асыруға шоғырланатын болады.
Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органның құрылымын негізсіз қайта құрудан қорғауға бағытталған норма Жарлықтың маңыз­ды жаңалығы болып табылады. Атап айт­қанда, мемлекеттік органның, ведомство­лар­дың, аумақтық органдардың құрылымы мен штаттық санына өзгеріс енгізу қажеттілігі қайта құру, функциялар өзгерген, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық акті қабылданған жағ­дай­да ғана мүмкін бола алады.
Жарлықта жауапты хатшының өкілеттік­терін екінші мерзімге ұзарту мүмкіндігімен 4 жылға тағайындау көзделген. Бұл орайда, жау­апты хатшы Үкімет немесе орталық атқарушы органның басшысы отставкаға кеткен жағдайда өз өкілетігін тоқтатпайды.
Жарлыққа сәйкес жауапты хатшының жұ­мы­сын кешенді мониторингілеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін жыл сайынғы бағалау негізінде жүргізетін болады. Сондай-ақ, жарты жылдың қорытындысы бойынша жауапты хатшының қызметі туралы есепті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыну қажеттілігі белгіленіп отыр. Мемлекеттік органның жұмысы тиімділігінің көрсеткіштері төмендеген, сондай-ақ, жетекшілік ететін салада ахуал нашарлаған жағдайда, жауапты хатшының өкілеттігін мерзімінен бұ­рын тоқтата отырып, тиісті шаралар қолда­ны­латын болады.
Бірінші басшы тарапынан мемлекеттік ор­ган­ның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жарлықта жауапты хатшының жұмысын бірінші басшыға қарасты ішкі аудит қызметі арқылы жедел мониторингілеу көз­дел­ген. Аудиторлық есеп негізінде атқарушы ор­ганның басшысы жауапты хатшының жұмы­сын­дағы кемшіліктер жөнінде Премьер-Министр мен Президент Әкімшілігін ақпарат­тан­дыра алады.
Бұл орайда, осы Жарлықпен Үкіметке 2013 жылғы 1 наурызға дейін ішкі аудит қызметін құру және оның жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Осы норма Жарлыққа қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарлықтың өзге бөлігінде «Қазақстан Рес­публикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» Қазақстан Республикасының Заңы қолда­нысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазіргі уақытта аталған заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сена­тында қаралуда. Заң жобасының редакциясына сәйкес заң ресми жарияланған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты, орталық атқарушы органдардың басшылары Жарлықты іске асыру шеңберінде тиісті түсіндіру және дайындық жұмысын жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік

қызмет және кадр саясаты бөлімі

Соңғы жаңалықтар