ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дьюк (АҚШ) университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дьюк (АҚШ) университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дьюк (АҚШ) университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Дьюк университетінің (Duke - АҚШ) Халықаралық даму орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға ресми салтанатты қол қою рәсімі болды,

  • 20 Маусым 2011
  • 700
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Академияның Сыртқы байланыстар қызметі.

Бүгінгі күні Дьюк университеті QS, Тіmes Higher Еducation және де басқа әлемдік білім рейтинггерінің нұсқасы бойынша әлемнің 20 үздік университетінің тізіміне кіреді.

Дьюк түлектерінің қатарында Нобель сыйлығының лауреаттары, трансұлттық корпорациялардың табысты басшылары мен негізін қалаушылары, өнертапқыштар, ұлы спортшылар мен көрнекті қоғам қайраткерлері бар.

Академия мен Халықаралық даму орталығының арасындағы меморандум Дьюк университетімен білім, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлау және ғылыми зерттеулер саласында орнатылған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға көмектеседі.

Жыл сайын Академия магистранттары осы оқу орнында халықаралық тағылымдамадан өтеді. Халықаралық даму орталығында Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің 15 тыңдаушысы үш айлық модульден өтті және осы жылы Duke дипломын алды. Бұдан өзге, Дьюкте Академияның Мемлекеттік және жергілікті басқару академиясының магистранттары қысқа мерзімді тренингтен өтті.

Академияның алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтастығы тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша оқу үрдісін толыққанды интернационализациялау және халықаралық аккредитациядан өту бағытында жүргізіліп жатыр.

Құжат тараптардың оқытушылар және магистранттармен академиялық алмасу, тиімді мемлекеттік саясат пен басқару саласындағы бірлескен зерттеулер, Академияда бір жыл + Дьюк университетінде бір жыл форматы бойынша Академия және Дьюк университетінің, екі магистрлік дипломын алу көздейді.

Меморандум қол қою рәсіміне АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Джон Ордвэй (John Ordway), «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек, Академия профессорлары мен магистранттары қатысты.

Құжатқа Академия ректоры Арын Өрсериев пен Сэнфорд атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Брюс Кунихолм (Bruce Kuniholm) қол қойды.

Соңғы жаңалықтар