***
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Е.А.Досаевты Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы
Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар
№ 468