ҚР Президенттік сайлауы өтетін күні Қытайда 4 сайлау учаскесі жұмыс жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенттік сайлауы өтетін күні Қытайда 4 сайлау учаскесі жұмыс жасайды

ҚР Президенттік сайлауы өтетін күні Қытайда 4 сайлау учаскесі жұмыс жасайды

ҚР Президенттік сайлауы өтетін күні Қытайда 4 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ҚХР-дағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев мәлім етті.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz


«Оның біріншісі — ҚХР-дағы ҚР елшілігі жанындағы №207 сайлау учаскесі (Бейжің қаласында), екіншісі — Гонконгтағы ҚР бас консулдығы жанындағы №243 сайлау учаскесі, үшіншісі — Шанхай қаласындағы ҚР бас консулдығы жанындағы №244 сайлау учаскесі, төртіншісі — Үрімжі қаласындағы ҚР СІМ төлқұжаттық-визалық қызметі жанындағы №253 сайлау учаскесі», — деді ол.
Ш.Нұрышев жиылғандарды сайлау туралы, оған деген дайындық, әр үміткер туралы ақпаратпен, халықаралық байқаушылардың санымен және өзге де мағлұматтармен таныстырды. 
Ол сайлау туралы барлық ақпаратты ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің сайтынан (www.kazembassy.cn), сонымен қатар қытайлық әлеуметтік желілердегі оның аккаунттарынан білуге болатынын айтты.
Дипломатиялық өкілдік басшысы 14 сәуірде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сенім грамотасын алған соң Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін жолдап, екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығының әрі қарай дамуына үміт білдіргенін жеткізді.