ҚР Қарулы күштерінің офицеріне әйелдерді жыныстық қанау мақсатына тартқан деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қарулы күштерінің офицеріне әйелдерді жыныстық қанау мақсатына  тартқан деген айып тағылды

ҚР Қарулы күштерінің офицеріне әйелдерді жыныстық қанау мақсатына тартқан деген айып тағылды

Алматы қалалық полициясы ҚР Қарулы күштерінің бір офицерін әйелдерді шетелдерге жыныстық қанау мақсатына тартқан деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Полицияның хабарламасына сәйкес, 2004-жылдың қазан айында ІІББ-ына өзін жезөкшелікке итермелегендерден қашып құтылған бір Қазақстан азаматшасы шетелдердің бірінде жүр деген ақпарат келіп түседі. Әйел бір қаладан екіншісіне бағытты автобуспен қатынау барысында қашып құтылғанын хабарлаған. Әйелді бұғаудан құтқаруға және онымен бірге келе жатқан адамды ұстауға автобустағы жолаушылар жәрдемдесіпті. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, оны Алматыдағы бір еркек осындай жағдайға душар еткен.

ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы мен ҰҚК Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері бірлесе жүзеге асырған шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы күдікті бақылауға алынады. Ол ҚР Қарулы күштерінің аға лейтенанты болып шықты.
Бақылау барысында күдіктінің әйелдерді жыныстық қанау үшін шетелдерге тарту ісімен шын мәнінде шұғылданатынын дәлелдейтін жеткілікті мәлімет жиналды. Қазіргі жағдаймен оның 18-25 жас аралығындағы төрт қызды жоғарыдағыдай жолға түсіргені дәлелденіп отыр.
Тұтқынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған ҚР қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, атап айтсақ, істі тексеруге алған тергеушіге пара беру және әйелдерді жыныстық қанау үшін шетелдерге тарту жөніндегі баптары бойынша айып тағылды.

Перейти к новостям спорта