ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілердің жиыны басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілердің жиыны басталды

ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілердің жиыны басталды

ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында 2004-жылғы жаз және көктем маусымдарында әскер қатарына шақырылған келісім-шарт бойынша борышын өтеушілердің жиыны басталды. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің бапасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

  • 2 Қыркүйек 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Жиын кезінде негізгі әскери-есепті мамандықтар бойынша оқыту шарасы жүзеге асырылады. Отар маңындағы қала үлгісіндегі Гвардейский ауылындағы жаяу әскерлерді оқыту орталығының базасында мотоатқыштар, танк, инженерлік және ракеталық әскерлер, артиллерия, әуеден қорғаныс қызметі мен байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуші мамандар оқытылады. Бұл оқыту орталығында 500-дей әскери оқиды.

Оқу бітіру емтихандары 2004-жылдың 19-25-желтоқсанында өткізіледі. Әрбір әскер дәріс алғаны туралы куәлікке ие болады.
Келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілерді осындай оқыту шарасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Перейти к новостям спорта