Қаулыға сәйкес, бұрындары әскери борышын өтемеген 418 запастағы офицер үш жылға әскер қатарына шақырылады. Соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 100, ІІМ ішкі әскерлері қатарына 35, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әскерлеріне 5 офицер шақырылмақ.
Қорғаныс министрлігінің бөлімшелееріне 44 мото-атқыш офицер, 33 танкист, 39 артиллерист, 34 офицер-тәрбиеші, әуеден қорғаныс саласына 25 офицер мен басқа да мамандар жіберіледі.
Қаулының мәтіні ресми баспасөзде жарияланды.