KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқу-жаттығуларға ҚР қарулы күштері құрамындағы барлық әскер түрлері мен әскери күш құрылымдары, соның ішінде ішкі әскерлер де атсалысады.
Лаңкестікке қарсы күрес қимылдарына машықтану сипатындағы мұндай оқу-жаттығуларды ҚР қорғаныс министрлігі жыл сайын өткізуді әдетке айналдырған.
ҚР Қарулы Күштерінің жоғары бас қолбасшысы Қарағанды облысында өтіп жатқан антитеррорлық оқу-жаттығулар барысын қадағалайды
