ҚР қаржы министрі парламентте мұнай өндіру операцияларына салық салудың жаңа үлгісін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрі парламентте мұнай өндіру операцияларына салық салудың жаңа үлгісін таныстырды

ҚР қаржы министрі парламентте мұнай өндіру операцияларына салық салудың жаңа үлгісін таныстырды

Бүгін, 9-маусымда парламенттегі үкімет сағаты аясында ҚР қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов мұнай өндіру операцияларына салық салудың жаңа үлгісін таныстырды,- деп хабарлайды Астанадағы KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2003
  • 615
Фото - Caravan.kz

Жаңа салық салу моделінің идеологиясы әсіре қарапайымдығын алға тартқан қаржы министрі мұнай өндіруге салынатын салық шкаласы мұнайдың халықаралық рыноктегі баға өзгерісімен тікелей байланысты болатынын жеткізді.

Қазақстан мұнайын сату бағамы халықаралық котировкаға сәйкес анықталып, соған сәйкес салық мөлшері белгіленеді деді З.Кәкімжанов.
Қаржы министрінің пікірінше, мұнай өндіруге салынатын салық шкаласы мынадай болуы мүмкін : егер мұнай баррелінің бағасы 12 доллардан төмен болса — онда мұнай өндіруде нольдік салық ставкасы белгіленеді , ал 12-15 $ аралығында салық ставкасы — 10 %, 15-20$ аралығында 17% , 20-25$ аралығында — 24% , баға 25 $-дан жоғары болған жағдайда — 31% болмақ. Министрдің пайымдауынша, мұнайды сатқанда осындай салық шкаласы қолданылуы тиіс. Ал басқадай салық төлемдерін есептеген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы кірісінен мұнай өндіруге салынатын салық мөлшері алып тасталуы тиіс.
«Бұл — мұнайдан алынатын, мердігердің шеккен шығын көлемінен тәуелсіз, кепілді салық көлемі . Ол салық төлеушілер үшін тым ауыртпалық жасамайды. Әрі ол баға коньюнктурасына қарамастан ҚР бюджетіне тұрақты түсім түсіріп отыруды қамтамасыз етеді»,- деп атап көрсетті З.Кәкімжанов. Министрдің айтуынша, қазіргі жұмыс істеп отырған мұнайға салық салу механизмі кейбір жағдайда ірі кеніштерде мұнай өндіретін компанияларға салық төлемдерін ең төменгі мөлшерге дейін азайтуға мүмкіндік береді. «Қазіргі модельдегі мұндай кемшіліктер салыққа әсер етіп, салық төлеушілермен екі арада пікірталас өрбітуге мәжбүрлеп отыр. Сол себепті біз қазір кейбір мердігерлермен Өнім бөлісу жөніндегі келісім (СРП — соглашения о разделе продукции)» бойынша төлем жасаудың дұрыстығын талқылап жатырмыз «,- деді ҚР қаржы министрі.
Сонымен бірге, З.Кәкімжановтың пікірінше, өңдеу және игеруде аса қиындық тудыратын күрделі кеніштерде Өнім бөлісу жөніндегі келісімді пайдалануға болады, бірақ оған мұнай өндіруден артықша либералды шкала бойынша салық жинау туралы талап қамтылуы тиіс. Осы орайда қаржы министрі мұнай өндіруге салынатын жаңа салық моделі туралы ұсынысты қаржы министрлігі үкіметке сәуір айында енгізгенін, қазір оны талқылау процессі жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Сондай-ақ ол жаңа салық салу үлгісі туралы мемлекет басшысына да баяндап бергенін, президенттің де бұл көзқарасты қолдап , оны тезірек жүзеге асыруды тапсырғанын депутаттарға хабарлады.

Соңғы жаңалықтар