ҚР қаржы министрлігі 10 жылдық МЕАКАМ облигациялары бойынша берешектің қалған бөлігін 25-желтоқсанда нарық бағасымен өтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі 10 жылдық МЕАКАМ облигациялары бойынша берешектің қалған бөлігін 25-желтоқсанда нарық бағасымен өтейді

ҚР қаржы министрлігі 10 жылдық МЕАКАМ облигациялары бойынша берешектің қалған бөлігін 25-желтоқсанда нарық бағасымен өтейді

ҚР қаржы министрлігі 10 жылдық МЕАКАМ облигациялары бойынша берешектің қалған бөлігін 25-желтоқсанда нарық бағасы бойынша өтейді. Барлығы 14 254 758 облигация номиналдың 113,4903 проценттік құны бойынша 16 177 767 618,47 теңгеге өтеледі деп күтілуде. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің хабарламасында айтылған.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Қазақстан қор биржасының хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл баға биржада 2003-жылдың 11-желтоқсанында өткізілген облигацияларды сату шараларының орташа бағасына сәйкеседі. 2003-жылдың 1-қаңтары мен 19-желтоқсаны аралығындағы барша сауда-саттық шаралары бойынша орташа көрсеткіш 113,0518 процент болса, 2003-жылдың 12-желтоқсанындағы сауда -саттық бойынша орташа көрсеткіш 112,9030 процентке тең. Сөйтіп, биржа ақпаратына сәйкес, ҚР қаржы министрлігі еліміздің қаржы рыногы қатысушыларының міндеттемені нарық бағасымен өтеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сол себепті Қазақстан қор биржасындағылардың пайымдауынша, МЕАКАМ облигациялары бойынша міндеттемені мерзімінен бұрын өтеуге байланысты ҚР қаржы министрлігі мен еліміздің қаржы рыногының кәсіби қатысушыларының арасындағы шиеленіс толыққанды реттелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-желтоқсанда қаржы министрлігі МЕАКАМ облигациялары бойынша міндеттемені мерзімінен бұрын номинал құны бойынша өтеу туралы мәлімдеме жасауы Қазақстан қаржы рыногының кәсіби қатысушыларының наразылығын тудырған болатын. Аталмыш мемлекеттік бағалы қағаздарды иемденуші коммерциялық банктер мен зейнетақы қорлары көлемді шығынға ұшырайтынын айтып дабыл қаққан болатын.

Соңғы жаңалықтар