ҚР қаржы министрлігі 18 млрд. теңгенің құнды қағаздарын шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі 18 млрд. теңгенің құнды қағаздарын шығарады

ҚР қаржы министрлігі 18 млрд. теңгенің құнды қағаздарын шығарады

23-ақпан, сәрсенбіде ҚР қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасына 18 млрд. теңгенің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕОҚАМ) шығарады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы министрлігінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

Үш жылдық МЕОҚАМ бағалы қағаздарының номинал құны 1000 теңге тұрады. Осынау мемлекеттік құнды қағаздар сыйақы ставкасы тұрақты, жарты жылдық купон түрінде шығарылады.

Қаржы министрлігінің бұл жолғы МЕОҚАМ шығарылымы — мемлекеттік облигациялық бағдарлама аясындағы 2005-жыл басынан бергі екінші мемлекеттік құнды қағаздар шығарылымы болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаңтар айында қаржы министрлігі зейнетақы қорларына арналған, құны 18 млрд. теңгені құрайтын он жылдық МЕУЖҚАМ-ін шығарды. Ал наурыз айында 16 млрд. теңгеге қысқа мерзімді МЕКҚАМ бағалы қағаздарын (он айлық) шығару жоспарланған.