ҚР қаржы министрлігі "Горводоканал" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржылық жай-күйін анықтау мақсатымен аудиторлық тексеру өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі   "Горводоканал" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржылық жай-күйін анықтау мақсатымен аудиторлық тексеру өткізуде

ҚР қаржы министрлігі "Горводоканал" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржылық жай-күйін анықтау мақсатымен аудиторлық тексеру өткізуде

ҚР қаржы министрлігінің комиссиясы "Горводоканал" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржылық ахуалын анықтау мақсатымен аудиторлық тексеру өткізуде. Бұл туралы бүгін, 24-маусымда Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Маусым 2003
  • 768
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Горводоканал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны — қала әкімшілігі мен Францияның «Веолия Уотер» компаниясының қатысуымен құрылған «Алматы су» Біріккен кәсіпорнындағы Қазақстанның үлесін құрайды. Бірлескен кәсіпорындағы қалалық әкімшіліктің үлесі 48 процентті, ал «Веолия Уотер»-дің үлесі 52 процентті құрайды. .

Бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келіссөздер 2000-жылы басталып, үш жылға созылған болатын. Қазақстан мен Франция арасындағы концессиялық келісім шартқа сәйкес жоба бойынша «Алматы су» бірлескен кәсіпорны Алматы қаласының су құбыры жүйесін 30 жыл бойы басқарады. Жобаға сәйкес Франция үкіметінің 27,44 млн. евро көлеміндегі несиесін пайдалану жоспарланған. Жобаны толықтай жүзеге асыру барысында салынатын жалпы инвестиция көлемі 130 млн. евроға жетеді.
Алайда Қазақстан тарапынан қолданылған кәсіпорынның шығын көлемін анықтау әдісіне негізделген қолайсыз саясат Бірлескен кәсіпорынның іске кірісуіне қолбайлау болды. Француз жағы тарифті есептеуде активтер базасының реттелетін бөлігінің кірістік нормасын пайдалануды талап еткен болатын. Сол арқылы кәсіпорынға энергия және қор үнемдеуге негізделген озық технологиялар енгізу, негізгі қорды жаңалау үшін қосымша инвестициялар тарту мүмкіндігі алға тартылды. 2003-жылдың басында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігі осы әдістеме негізінде тариф белгілеу ережесін жасап, оны бірінші кезекте су тұтыну саласына енгізуді ұсынды.
Монополияға қарсы күрес мекемесінің есебіне жүгінсек, су шаруашылығы және су-құбыр жүйесі саласында қызмет көрсетуші кәсіпорындарға жаңа әдістемені енгізу 2003-жылы 2 млрд. теңгеден астам, ал 2004-жылы 3 млрд. теңге шамасында инвестиция енгізуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, саладағы шығын көлемі 5 процентке азайып, соның арқасында 2003-2004-жылдарда 650 млн. теңге үнемдеуге жағдай жасалады. Бағдарламаны жүзеге асыру құны 1,25 млрд. теңгені құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар