Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, «Ауыл шаруашылығы техникасының құны 75,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде мүлікті заңдастыруға алынатын төлемнен босатылғандары — 71,3 млн. теңге және заңдастырылған қаражат- 101,7 млн. теңге болды».
Жалпы, 288 арыз бойынша мүлік заңдастырылса , 24 арыз кері қайтарылған, қалған өтініштер әлі қаралуда.
Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, мүлікті заңдастырудан түскен түсім 26,3 млн. теңгені құрайды.