ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 1 қазанға дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 1 қазанға дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады

ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 1 қазанға дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2008 жылдың 1 қазанына дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Тамыз 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі салық салу нысанының тіркелген орны бойынша салық мерзімінің 1 қазанына дейінгі уақыт», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салықты екінші деңгейлі банктердің немесе «Қазпошта» ААҚ барлық бөлімшелерінде төлеуге болады. «Қазпошта» ААҚ бөлімшелерінде төленген салықтан комиссия алынбайды. Сондай-ақ, салықты банкоматтар мен Интернет (Homebank) арқылы да төлеуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар