ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Наурыз банкке қатысты ахуалға түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Наурыз  банкке қатысты ахуалға түсініктеме берді

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Наурыз банкке қатысты ахуалға түсініктеме берді

Бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев Наурыз банкке қатысты ахуалға түсініктеме берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Шiлде 2005
  • 854
Фото - Caravan.kz

Агенттік төрағасының айтуынша, «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ын консервациялау тәртібі заңды енгізілді. «Банкке қатысты күрделі ахуал қалыптасқан жағдайда «ауадан несие жасау» деген терминді қолдана бастамау үшін ақшаның банктен тысқары шығуына жол бермеу қажет болды»,- деді Б.Жәмішев.

Сонымен бірге агенттік төрағасының айтуынша, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Наурыз-холдинг ұсынған инвесторды «қабылдамай қойды» деп айту қисынға келмейді. «Ресейдің Внешторгбанкі жарғылық капиталға үлес қосуға ниет білдіргені рас, біз банктің жауабын ұзақ күттік, бірақ жауап болмады»,- деді ол. Бұдан кейін де бірнеше ұсыныс келіп түсті, біз жауап хат жазып, талабымызды қойдық, бірақ жауап алған жоқпыз, деді Б.Жәмішев. «Агенттік болашақ инвесторды таңдау үшін қатаң талаптар қойды. Дегенмен ақыр соңында ондай инвестор табылмай қалды»,- деді ол.
Наурыз банктің бұрынғы жылдардағы Ұлттық банк жасырып қалды-мыс делінген шығындары туралы Б.Жәмішев былай деді: » 2001-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен банктің балансында 2 млрд. 51 млн. теңге көлемінде шығын көрсетілген». «Бұл шығын үкіметтің Азия даму банкінің желісі бойынша алған несиесін қамтамасыз етуге провизия қалыптастыру нәтижесінде түзілген»,- деді ол. «Бұл несие бойынша несие алушыларға қойылатын талаптар банктен қаржы министрлігіне өткеріп берілгеннен кейін аталмыш провизиялар қалпына келтірілген. Сөйтіп 2001-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен банктің кепілдендірілмеген шығындарының көлемі 73 млн. теңгені құрады»,- деді Б.Жәмішев. Агенттік төрағасының айтуынша, бұдан әрі банк ұдайы шығынмен жұмыс істеген. 2003-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен қамтамасыз етілмеген шығын көлемі 1,9 млрд. теңгеге жеткен. «Бұл — банктің өз іс-қызметіне және оның жаңа басқарушыларының іс-қызметіне байланысты түзілген шығындар»,- деді ол.
«Наурыз банктің сәтсіздікке ұшырауы — жалпы еліміздегі қаржы жүйесінің проблемасына жатпайды және ол банк жүйесінің тұрақсыздығын паш ете алмайды»,- деп пайымдайды Б.Жәмішев. Оның пікірінше, «Наурыз банк әуел бастан кең көлемді клиенттер базасын құрудың орнына , әкімшілік ресурсты пайдалануға бағытталды». «Еліміздің банк жүйесі үшін осындай банктің болмағаны дұрыс»,- деді ол.
«Қазақстан Наурыз банкі» ААҚ 2001-жылдың наурыз айында «Қазагропромбанк» ААҚ-ның негізінде құрылды. Қайтадан тіркеу жүзеге асырыла сала сол жылы банк басқармаларының төрағасы болып Оразалы Ержанов тағайындалды.
Deloitte & Touche аудиторлық фирмасының тәуелсіз аудиторларының қорытындысына сәйкес, банктің 2003-жылғы біріккен қаржылық есебіне текссеру жүргізу нәтижесінде 2003-жылдың 31-желтоқсанында банк активтері 17,9 млрд. теңгені, 2003-жылғы кірісі 90,56 млн. теңгені құрады.
ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап енгізілген «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ын консервациялау тәртібі банктің қаржылық ахуалын сауықтыруға және жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізген жоқ.
2 — маусымда ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің қаулысымен «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ына еліміздің банк заңнамасына сәйкес ұлттық және шетелдік валютада операциялар жүргізуге берілген лицензияны кері шақырып алуға шешім қабылданды.

Перейти к новостям спорта