ҚР қаржы полициясы Агенттігі экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттік ретінде қайтадан құрылып, тергеу абақтылары ҚР әділет министрлігінің құрылымына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы полициясы Агенттігі экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттік ретінде қайтадан құрылып,  тергеу абақтылары ҚР әділет министрлігінің құрылымына берілді

ҚР қаржы полициясы Агенттігі экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттік ретінде қайтадан құрылып, тергеу абақтылары ҚР әділет министрлігінің құрылымына берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, соған сәйкес, ҚР қаржы полициясы Агенттігі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттік болып қайтадан құрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен бүгін, 25-желтоқсанда хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 1000
Фото - Caravan.kz

Осы жарлық бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеті таратылып, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен, оларды теріс пайдаланумен күрес жөніндегі қызметтер мен өкілеттіктер берілген ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетін құру тапсырылды.

ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды және оған бұрын ҚР Ішкі істер министрлігінің қарауында болған экономикалық және сыбайлас жемқорлықты анықтау мен тексеру жөніндегі өкілеттілік берілді.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің қылмыс жасады деген күдіктілерді және айыпталушыларды ұстау, тергеу абақтыларында жазасын өтеп жатқандарға қатысты қылмыстық жазаны орындау жөніндегі, құжаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке бастың куәліктері мен төлқұжаттар беру жөніндегі өкілеттігі Жарлық бойынша Әділет министрлігінің қарауына берілді.
Ал, Үкіметке қайта құрылатын және таратылатын мемлекеттік органдардың штаттық бірлігін қайта бөлу; шұғыл-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру құқығын кедендік органдарға берумен байланысты заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған Қазақстан Республикасының заңы жобасын әзірлеп, парламент мәжілісінің қарауына беру; осы жарлықты жүзеге асыруға қатысты басқа да шараларды қабылдау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар