Атап айтқанда, ҚР президенті 2006 жылдың соңына дейін, қаржыгерлердің VI конгресінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, 2007-2009 жылдарға арналған ҚР қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Соынмен қатар 2007 жылдың соңына дейін Қазақстанның дербес несие рейтингін жоғарылату шаралары жөніндегі жоспарды дайындауы , мемлекеттік маңызы бар ірі инфрақұрылым жобаларын анықтауды, және оларды қаржы ұйымдарының қаржыландыру механизімін жасауды, Алматы аймақтық қаржы орталығын дамытуға бағытталған экономикалық ынталандыруды жетілдіру мәселелерін қарауды тапсырды.
Соынмен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржылық бақылау агенттігіне 2006 жылдың соңына дейін тиісті индикторлармен қаржы тапшылығы туралы алдын ала хабарлау жүйесін енгізуге қатысты ұсыныстарын әзірлеуді , 2007 жылдың 1 маусымына дейін зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдары шоғырын ұлғайту мәселесін шешуді тапсырды. ҚР Ұлттық банкіне республика үкіметімен бірлесе отырып ақша несиелік және қазыналық саясаты құралдарының тиімділігін арттыру шараларын қолға алып, бағаның өсуіне жол бермеу шараларын қарастыруды жүктеді.
ААҚО қызметін реттеу жөніндегі Агенттіке 2006 жылдың соңына дейін, Алматы аймақтық қаржы орталығын дамыту бағдарламасын жасап, қабылдау тапсырылды. Онда отандық қаржы нарығына шетелдік брокерлерді тарту шаралары қарастырылуы тиіс. Оған қоса, Агенттікке Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы алаңына «Самұрық» және «Қазына» АҚ құрамына кіретін қаржы компанияларын орналастыру механизмдерін жасау міндеті жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті