ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мәжілісі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мәжілісі өтті

ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мәжілісі өтті

23 маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мәжілісі өтті.

  • 23 Маусым 2011
  • 310
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібінде Қазақстандағы этнодіни ахуалдың дамуы мәселелері қамтылды. ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин талқылау барысында аймақ пен әлемдегі жаңа үрдістерді, Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының динамикасы туралы атап өтті.

Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық және этносаралық қатынастардың қазіргі тұғырнамасының әзірлену барысында азаматтық сектор мен мемлекеттік ынтымақтастықтың үйлесімді маңыздылығы белгіленді.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес ұсыныстар берді, олар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі және ҚР ҚК ведомствоаралық комиссияларының алдағы жұмыстарында қолданылатын болады.

Соңғы жаңалықтар