Күн тәртібінде Қазақстандағы этнодіни ахуалдың дамуы мәселелері қамтылды. ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин талқылау барысында аймақ пен әлемдегі жаңа үрдістерді, Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының динамикасы туралы атап өтті.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық және этносаралық қатынастардың қазіргі тұғырнамасының әзірлену барысында азаматтық сектор мен мемлекеттік ынтымақтастықтың үйлесімді маңыздылығы белгіленді.
Мәжілістің қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес ұсыныстар берді, олар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі және ҚР ҚК ведомствоаралық комиссияларының алдағы жұмыстарында қолданылатын болады.