ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қауіпсіздік және жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қауіпсіздік және жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қауіпсіздік және жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін «Ақорда» президенциясында ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

  • 9 Қараша 2012
  • 516
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында өндіріс пен ғылым объектілерін қоса алғанда биологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Бірінші мәселе бойынша Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың баяндамасы тыңдалып, онда Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі жайында айтылды.

Әртүрлі эпидемия мен вирустарға қарсы күрес, қауіпті инфекциялар мен вирустардың таралуына қарсы әрекет ету, осы саладағы ғылыми әзірлемелер, сондай-ақ биологиялық материалдардың айналымына қатысты объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Екінші мәселе жөнінде сөз сөйлеген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ведомствоаралық комиссия мүшелерін жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйі және іске асырылыпр жатқан шаралар туралы баяндады.

Талдау барысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, олардың жергілікті атқару органдары мен қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауы, кәсіби білімнің қол жетімділігін кеңейту және жастарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдау керектігі айтылды.

Отырыс қорытындысымен мемлекеттік органдарға тиісті салаларда күнделікті және перспективалық міндеттерді шешуге бағытталған тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар