Жемқорлықпен күрес мәселелері және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтау жөніндегі Комиссияға, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке үш ай ішінде лауазымды тұлғаның қызмет орнын жеке басының мүдесіне пайдалана алмауын қарастыратын, түрлі дау-дамауға жол бермейтіндей өзгертулер мен толықтыруларды заңнамаға енгізуді міндеттеді.
Ал үкіметке үш ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дайындауды аяқтау қажеттігін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жетекшілерінің қызметтеріне рейтингтік баға беру критерийлерін анықтауды тапсырды.
Сонымен қатар президент индустрия және сауда министрлігіне «Шағын кәсіпкерлік туралы» заңды толықтыру аясында бизнеске тосқауыл болатын әкімшілік кедергілер жайын қарастыруды тапсырды.
Жүзеге асырылып жатқан «Астана-есірткісіз қала» атты бағдарлама аясында білім және ғылым министрлігіне 2007 оқу жылынан бастап астаналық білім ордаларындағы жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге, спиртті ішімдіктер мен темекіге қарсы тұрақты жеккөрініштілік көзқарас қалыптастыратын арнайы оқу бағдарламасын дайындауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті