ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы «Қорғас» пен «Қалжат» жұмысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы «Қорғас» пен «Қалжат» жұмысымен танысты

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы «Қорғас» пен «Қалжат» жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағанбетов Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасындағы

  • 30 Мамыр 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының аумағында орналасқан «Қорғас», «Қалжат» кеден бекеттерінде жұмыс сапармен болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде ведомство басшысы бекет инфрақұрылымымен танысты. Сонымен бірге, дөңгелек үстел барысында «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатаның, Қазақ кеден брокерлерінің ассоциациясы, кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдерімен және СЭҚ-қа қатысушылармен кездесті.

Аталған кездесу барысында өзекті мәселелер және орын алған проблемалар мен оларды тиімді шешу мақсатында қысқа мерзімде нақты шешім қабылдау туралы мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар