ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков украиналық әріптесімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков украиналық әріптесімен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков украиналық әріптесімен кездесті

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Астанаға ресми сапармен келген Украина Қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин мен Украина әскери делегациясын қабылдады.

  • 19 Қараша 2012
  • 282
Фото - Caravan.kz

Екі ведомство арасындағы Ынтымақтастық Жоспары бойынша Қазақстан-Украина әскери ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Осы жылы өткен бас штабтар бастықтары мен әскери-әуе күштері басшыларының кездесуі барысында жаңа, өзара тиімді әрекеттестік салалары анықталды.

Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, аталмыш тұрақты кездесулер екі жақтың қарым-қатынасына жоғары серпін беріп, украиналық жақтан келген өкілдерге қазақстандық армияда болып жатқан оқиғалар туралы хабарлады.

«Мемлекетіміздің Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинамен әріптес қарым-қатынастардың дамуы мен жан-жақты ынтымақтастықты, сонымен қатар әскери мен әскери-техникалық саланы нығайтуды маңызды деп санайды», — деді Қазақстанның Қорғаныс министрі. — «Мысалға, екі ведомствоның ынтымақтастығы бойынша бағдарлама ағымдағы жылда 100 пайызға жүзеге асырылғандығы белсенділікті растайды»

Атап айтқанда, бүгінгі күнде отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту басымды болып табылады. Осыған байланысты, әскери-техникалық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі. Украина маңызды әріптес және бүгін украиндық әскери делегация «Қазақстан Инжиниринг Ұлттық компаниясы» АҚ-на барып отандық әскери өнеркәсіп кешенінің қорғаныс саласына қатысты өнімдерімен танысады.

Ынтымақтастықты дамыту мен белсенділікті арттыру бойынша екі мемлекеттің ведомство арасындағы өзара әрекеттіне құқықтық негізді нығайту үшін кездесу барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл құжаттар «Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Украина Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери білім саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім мен 2013 жылға арналған ынтымақтастық жоспары.

Соңғы жаңалықтар