ҚР қорғаныс министрі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қорғаныс министрі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады

ҚР қорғаныс министрі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов пен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньеро Астанада өткен кездесу барысында бүгін кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Кавказдағы ахуалға байланысты өз ұстанымын жария етті. Біз бұдан былайғы жұмыстар БҰҰ жарғысы мен ЕҚЫҰ іс-қызметінің аясында саяси диалог жолымен жүргізілуге тиіс деп санаймыз», -деді Д. Ахметов.

«Біз осы шиеленіс Медведев пен Саркозидің келісімі шеңберінде реттеледі деп үміттенеміз», — деді министр.

Еліміздің қорғаныс министрі Қазақстанның қазір екі жаққа бірдей қайырымдылық көмек көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстанның дәл осы Грузияда ауқымды инвестициясы бар. Сол себепті біз аталған шиеленістің реттелуінен аса мүдделі жақтың біріміз», — деді министр.

Д. Ахметов сонымен бірге «Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін, сол себепті ұлтаралық, дінаралық келісім мәселелері республика үшін басымдықта екенін» атап өтті. «Қазақстанда осы тектес шиеленісті реттеудің жақсы үлгілері бар деп ойлаймын», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар