Жарияланды: 400

ҚР Қорғаныс министрі Норвегия елшісімен кездесті

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен кездесті,

деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде Қарулы Күштерді жетілдіру жөніндегі тапсырмаларды шешуге баса назар аударылатындығын атап өтті. Қорғаныс секторын реформалау, бітімгерлік әлеуетті өрістету басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Тараптар жыл сайын британдық және американдық әскери қызметшілердің қатысуымен өткізілетін арнайы-тактикалық «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Биыл жаттығу тамыз айында американ, британ, қырғыз, литва, және тәжік әскери қызметшілерінің қатысуымен өткізілмек болып жоспарланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін