ҚР Қорғаныс министрі Норвегия елшісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрі Норвегия елшісімен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Норвегия елшісімен кездесті

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен кездесті,

  • 27 Мамыр 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде Қарулы Күштерді жетілдіру жөніндегі тапсырмаларды шешуге баса назар аударылатындығын атап өтті. Қорғаныс секторын реформалау, бітімгерлік әлеуетті өрістету басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

Тараптар жыл сайын британдық және американдық әскери қызметшілердің қатысуымен өткізілетін арнайы-тактикалық «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Биыл жаттығу тамыз айында американ, британ, қырғыз, литва, және тәжік әскери қызметшілерінің қатысуымен өткізілмек болып жоспарланды.

Соңғы жаңалықтар