ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кетті

ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кетті

ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге ұшып кетті. Бұл туралы бүгін, 16-қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 584
Фото - Caravan.kz

М.Алтынбаевтың сапары РФ Қорғаныс министрі Сергей Ивановтың шақыруы бойынша жүзеге асырылуда. Келіссөздердің негізгі бөлігін ол өзінің Ресейлік әріптесімен жүргізеді. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі Ресей үкіметі мен осы елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенінің бірқатар ресми өкілдерімен де келіссөздер жүргізбекші.

Екі елдің әскери саладағы ынтымақтастығын нығайту, Қазақстан Қарулы күштерінің айбыны мен қуатын арттыруға қажетті қазіргі заманғы Ресей қарулары мен әскери техникасын сатып алу, сондай-ақ, Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында елімізге арнап маман дайындау мәселелері келіссөздерге арқау болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымының 2004-жылдың 1-қаңтарында күшіне енген жарғысына сәйкес, ұйымға мүше-елдер Ресейден арзан бағаға қару-жарақ пен техника сатып алуға , сонымен қатар осы елдің әскери жоғары оқу орындарында ішкі жеңілдетілген бағамен маман оқытып алуға құқылы.
М.Алтынбаевтың сапары 17-қаңтарға дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар