ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен 30 лауазым иесі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктері үшін жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен 30 лауазым иесі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктері үшін жазаланды

ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен 30 лауазым иесі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктері үшін жазаланды

ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың бұйрығымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктері үшін министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде істейтін 30 лауазым иесі тәртіптік жаза жүктеп, ҚР Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыздық жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 2-қыркүйекте ҚР қорғаныс министрлігі мен бас әскери прокуратурасы алқасының бірлескен отырысында жария етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 555
Фото - Caravan.kz



Отырыс барысында 2005-жылдың алғашқы жартысында Қарулы күштердің қажеттігі үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын орындау қорытындысы мен қазіргі ахуалы қаралды.
Кездесуде атап көрсетілгеніндей, бүгінде мемлекеттік сатып алу жоспары 99,33 процентке орындалды. Сонымен бір уақытта түрлі мемлекеттік және құқық қорғау мекемелері тарапынан ҚР қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жүргізілген тексерулер барысында мемлекеттік сатып алуды іске асыруға қатысты бірқатар заң бұзу оқиғалары, соның ішінде әскери госпитальға арнап медициналық жабдықтар сатып алуға қатысты кемшіліктер әшкереленді.
Қорғаныс мекемесінің басшысы мен бас әскери прокурор кейбір басшылардың іс-қызметіне қатаң сын тағып, мемлекеттік сатып алу процессін реттейтін құқықтық-нормативтік актілердің талабын бұлжытпай орындауды талап етті.
Талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды іске асрудың тиімділігін арттыруға әсер етуге тиіс шаралар кешені айқындалды,- делінген ҚР қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта