ҚР Қорғаныс министрлігі Ирактағы оқ-дәрі жарылысы қасақана жасалған қаскүнемдік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігі Ирактағы оқ-дәрі жарылысы қасақана жасалған қаскүнемдік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР Қорғаныс министрлігі Ирактағы оқ-дәрі жарылысы қасақана жасалған қаскүнемдік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР Қорғаныс министрлігі Ирактағы оқ-дәрі жарылысы қасақана жасалған қаскүнемдік әрекет болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тергеу Қазақстандық және украиналық бітімгершілерге қарсы қаскүнемдік әрекет жасалуы мүмкін деген жорамалды да қарастырып жатыр. KZ-today агенттігінің сауалына ҚР Қорғаныс министрлігінен осындай жауап келді.

  • 12 Қаңтар 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-қаңтарда Ирактың Васит провинциясында тиеулі оқ-дәріні түсіру сәтінде Қазбат капитаны Қайрат Құдабаев пен Украиналық сегіз сапер қаза тапқан. Сондай-ақ, төрт қазақстандық, жеті украиналық бітімгерші жараланды.

Украина қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша Ирактағы оқ-дәрі жарылысына алдын-ала жоспарланған арандатушылық шара себепші болуы мүмкін. Жарылыс болған жерден жарылғыш заттың бөлшектеріне ұқсас элементтер табылған.
Қазақстандық бітімгершілер батальонының бөлімшесін Ирактан шығару мүмкіндігі туралы KZ-today ақпараттық агенттігінің сауалына қорғаныс министрлігіндегілер «бұл мәселенің шешімін еліміздің саяси басшылығы шығарады» деген жауап келтірді.