ҚР қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті 12 айға дейін қысқартуды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті 12 айға дейін қысқартуды ұсынып отыр

ҚР қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті 12 айға дейін қысқартуды ұсынып отыр

ҚР қорғаныс министрлігі парламент мәжілісіне "Жалпыхалықтық әскери борыш және әскери қызмет туралы" заң жобасын ұсынды, онда мерзімді әскери қызметті 2 жылдан 12 айға дейін қысқарту ұсынылған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен бүгін, 24-мамырда хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 671
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын жасаушылардың ақпараты бойынша, әскери қызмет мерзімін қысқарту, бірінші кезекте, Қазақстан армиясын жаңалауға және оны келісім-шарт жүйесіне көшіруге байланысты.

Жалпы әскери бөлімдер мен ҚР қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінде әскери борышын өтеуші әскерлер ғана 1 жылға шақырылады деп күтілуде. Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ-нің ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігі флотының әскери қызметкерлерінің отан алдындағы борышын өтеу мерзімі 6 айға қысқарады. Сөйтіп, аталмыш бөлімшелердегі мерзімді қызмет 1,5 жылға созылады. Бұл әскерлерді оқыту ерекшеліктеріне, аталмыш бөлімшелердің тұрақты қызметі мен оларға кейбір нақты функциялардың жүктелуіне байланысты.
Заң жобасында сондай-ақ, прапорщик, аға прапорщик, мичман, старшина, кемедегі аға старшина, кіші лейтенант сынды әскери атақтарды алып тастау да қарастырылған.
Ал майор, подполковник, полковник және генерал секілді аға офицерлердің әскери борышын өтеу мерзімін үш жылға созу көзделіп отыр. Бұл әскерилердің зейнет демалысына шығу жасын зейнетақы қамтамасыздығы саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ, офицерлерге әскери қызмет өтілін 25 жылға дейін арттыруға және осыған байланысты зейнетақы үстемелерінің мөлшерін арттыруға жағдай жасайды.
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Николай Щербининнің айтуынша, қазіргі жағдаймен заң жобасына қатысты белсенді жұмыстар басталған жоқ, бірақ бұл жоба 1-шілдеде халық қалаулыларының жазғы демалысы басталғанға дейін қаралады деп күтілуде.