«Қорғаныс министрі бүгін мемлекет басшысының жуырдағы жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған Ратмир Әлімханұлы Комратовты және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Әлімжан Қанағатұлы Ерниязовты, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалған Әлихан Бірімжанұлы Жарболовты таныстырды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, «ҚР қорғаныс министрінің бұйрықтарымен мыналар тағайындалды: полковник Асхан Тасболатов — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының басқару штабының бастығы; полковник Алмаз Әсенов — Штаб бастықтары комитетінің жауынгерлік дайындық және әскерлер қызметі департаментінің бастығы; полковник Талғат Жанжуманов — Қарулы күштер тылының бастығы; әділет полковнигі Асхат Жүсіпов — Қорғаныс министрлігінің заңгерлік департаментінің бастығы болып тағайындалды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті