"Қорғаныс министрі бүгін мемлекет басшысының жуырдағы жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған Ратмир Әлімханұлы Комратовты және "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Әлімжан Қанағатұлы Ерниязовты, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалған Әлихан Бірімжанұлы Жарболовты таныстырды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, "ҚР қорғаныс министрінің бұйрықтарымен мыналар тағайындалды: полковник Асхан Тасболатов - өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының басқару штабының бастығы; полковник Алмаз Әсенов - Штаб бастықтары комитетінің жауынгерлік дайындық және әскерлер қызметі департаментінің бастығы; полковник Талғат Жанжуманов - Қарулы күштер тылының бастығы; әділет полковнигі Асхат Жүсіпов - Қорғаныс министрлігінің заңгерлік департаментінің бастығы болып тағайындалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.