ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі электр қуатының салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі электр қуатының салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруда

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі электр қуатының салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруда

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі электр қуатының салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін "Энергия мен орны толатын ресурстарды тиімді пайдалану стратегиясы" атты ұлттық семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Біз жаңа Салық және Бюджеттік кодекстерді қабылдау аясында Қазақстанда экологиялық салық, атап айтқанда, электр қуатының салығын енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», — деді Н. Ысқақов.

Оның айтуынша, «бірқатар Еуропалық елдердің үлгісімен осындай салықты енгізу дәстүрлі көздерден энергия өндіруде шығатын экологиялық шығындардың өтемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, баламалы энергетика өндірушілерге қолайлы жағдай жасайды». «Яғни, бұл жерде экологтардың басты принципі — ластаушы төлемақы беруге тиіс деген принцип іске қосылар еді», -деді мекеме басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар